Ғылыми дәлелденгенҒылыми дәлелденген
Bionorica әйелдердің денсаулығы
MAS tab instr

Мастодинон® таблеткалары нұсқаулығы

Гомеопатиялық дәрілік препараттың медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығы (Қосымша парақ) – Мастодинон® таблеткалары

Мастодинон® таблеткалары туралы негізгі ақпарат

Саудалық атауы

Мастодинон®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Таблеткалар

Фармакотерапиялық топ

Басқа да препараттар. Басқа барлық емдік препараттар. Басқа дәрілік препараттар.
АТХ коды V03AX
Гомеопатиялық дәрілік препарат

Мастодинон® таблеткаларын қолдануды бастамас бұрын қажетті мәліметтер

Мастодинон® таблеткаларын қолдануға арналған көрсеткіштер

  • етеккір алдындағы синдромда (мысалы мастодиния, сүт бездерінің кернеуі, психоэмоциялық орнықсыздық, іш қатулар, ісінулер, бас ауыруы, бас сақинасы)
  • етеккір оралымының бұзылуында

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші заттарға немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- галактозаны тұқым қуалайтын жақпаушылығы, лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Эстрогенге тәуелді ісіктерден зардап шегетін немесе зардап шеккен пациенттер Мастодинон® таблеткаларын қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесу керек.
Допаминнің әсерін тудыратын препараттарды (допамин агонистері), допаминнің әсерін тежейтін препараттарды (допамин антагонистері), эстрогендер мен антиэстрогендерді қабылдайтын пациенттер Мастодинон® препаратын қабылдағанға дейін дәрігермен кеңесу керек.
Гипофиздің бұзылу тарихы бар пациенттерге Мастодинон® таблеткаларын қабылдар алдында дәрігермен кеңескен жөн.
Егер сіз қанттың белгілі бір түрлеріне жақпаушылығынан зардап шегетіндігіңізді білсеңіз, препаратты қабылдағанға дейін дәрігермен кеңесіңіз.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Vitex agnus-castus, fructus допаминнің әсерін (допамин агонистері) ықпаландыратын, допаминнің әсерін (допамин антагонистері) тежейтін дәрілік препараттармен, эстрогендермен және антиэстрогендермен өзара әрекеттесуін жоққа шығаруға болмайды.

Арнайы ескертулер

Мастодинон® препаратының әсер ету механизмі гормональді тепе-теңдікті үйлестіруді қамтиды, оған 3 айға дейін уақыт кетуі мүмкін. Осы кезең ішінде етеккірлік бұзылыстар болуы мүмкін.
Мастодинон® таблеткаларын қабылдау кезінде клиникалық симптоматиканың жоғарылауы кезінде дәрігермен кеңескен жөн.
Сақталған, түсініксіз немесе қайталанатын шағымдар болған жағдайда дәрігерге қаралыңыз. Мұндай симптомдар ауыр аурумен байланысты болуы мүмкін және медициналық көмек қажет болуы мүмкін.
Гомеопатиялық емдеу кезінде темекі шегу және алкоголь тұтыну сияқты зиянды әдеттер гомеопатиялық препараттың тиімділігіне теріс әсер ететіні белгілі.

Қант диабетімен ауыратын науқастар

Мастодинон® препаратының бір таблеткасында орташа есеппен 0,020 есептелетін көмірсулар бірлігі бар.

Педиатрияда қолдану

Жеткілікті деректер болмауына байланысты препараттың балаларда қолданылуы анықталмаған. Сондықтан Мастодинон®препаратын 12 жасқа дейінгі балалар қолданылмауы тиіс.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Мастодинон® таблеткаларын жүктілік және лактация кезеңінде қабылдауға болмайды. Репродуктивті зерттеулерге сәйкес, agnus-castus, fructus экстрактілері сүттің өндірілуіне әсер етуі мүмкін деп болжау керек. Vitex agnus-castus, fructus ұрпақ өрбіту функциясына етеккір циклін реттеу арқылы әсер етеді.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал етпейді.

Мастодинон® препаратын қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Егер дәрігер басқасын тағайындамаса, 1 таблеткадан күніне 2 рет (таңертең және кешке), шайнамай, аз мөлшерде сұйықтықпен қабылдау керек.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке қабылдау үшін.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Мастодинон® таблеткаларын күніне 2 рет (таңертең және кешке) шайнамай, аз мөлшерде сұйықтықпен қабылдайды.

Емдеу ұзақтығы

Гомеопатиялық препараттарды, басқа препараттар сияқты, дәрігермен алдын ала кеңес алмай, ұзақ уақыт бойы қабылдауға болмайды.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары: препараттың үлкен дозаларын қабылдағаннан кейін лактоза жақпаушылығы бар пациенттерде болатын асқазан-ішек жолының бұзылыстары немесе іш жүргізетін әсері.
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.

Мастодинон® таблеткаларының жағымсыз әсерлері

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
Келесі жағымсыз әсерлер болуы мүмкін:
Жиілігі белгісіз:
- ауыр аллергиялық реакциялар (беттің ісінуі, ентігу, жұтудың қиындауы),
- (аллергиялық) тері реакциялары (бөртпе, есекжем сияқты)
- бас ауыруы, бас айналу, акне
- асқазан-ішек бұзылыстары (жүрек айну, іштің ауыруы сияқты).
Аллергиялық реакцияның алғашқы белгілері білінгенде Мастодинон® препаратының таблеткаларын қабылдауды тоқтату қажет.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz

Мастодинон® таблеткалары туралы қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
Vitex agnus castus Ø - 162.0 мг, Caulophyllum thalictroides D4 - 81.0 мг, Cyclamen purpurascens D4 - 81.0 мг, Strychnos ignatii D6 - 81.0 мг, Iris versicolor D2 - 162.0 мг, Lilium tigrinum D3 - 81.0 мг
қосымша заттар: картоп крахмалы, магний стеараты, лактоза моногидраты

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, жалпақ беткейлі, сарғыш түсті таблеткалар, сәл пигменттенуі мүмкін

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 таблеткадан алюминий фольгадан және ПВХ, ПВДХ үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Мастодинон® таблеткаларын өндіруші туралы мәліметтер

Роттендорф Фарма ГмбХ
Остенфельдер штрассе, 51-61,
59320, Эннигерло, Германия
Телефон: +49 / (0) 9181 / 231-90
Факс: +49 / (0) 9181 / 231-265
электронды пошта: info@bionorica.de

Қаптаушы

Бионорика СЕ
Кершенштайнерштрассе 11-15
92318 Ноймаркт, Германия
Телефон: +49 / (0) 9181 / 231-90
Факс: +49 / (0) 9181 / 231-265
электронды пошта: info@bionorica.de

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Бионорика СЕ
Кершенштайнерштрассе 11-15
92318 Ноймаркт, Германия
Телефон: +49 / (0) 9181 / 231-90
Факс: +49 / (0) 9181 / 231-265
электронды пошта: info@bionorica.de

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Бионорика КАЗ» ЖШС
Қазақстан, 050060 Алматы қ., Жароков көш. 331,
тел: 250-93-99
e-mail: info@bionorica.kz

Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)

Сұрақ-жауап

Мастодинон® таблеткаларын қолдану жөніндегі нұсқаулық бойынша жиі қойылатын сұрақтар

Мастодинон® препаратының ресми қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес, ересектер мен 12 жастан асқан балаларға күніне 2 рет — таңертең және кешке 1 таблеткадан қабылдау ұсынылады. Таблетканы шайнамай, бүтіндей жұтып, аз мөлшердегі сұйықтықпен ішу қажет.

Мастодинон® препаратының ресми қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес, ересектер мен 12 жастан асқан балаларға күніне 2 рет — таңертең және кешке 1 таблеткадан қабылдау ұсынылады. Таблетканы шайнамай, бүтіндей жұтып, аз мөлшердегі сұйықтықпен ішу қажет.

Мастодинон® таблеткаларын тамақ ішуге қарамастан қабылдауға болады. Таблетканы аз мөлшердегі сумен ішіп, ұсынылған қабылдау тәсілі мен дозасын сақтау қажет.

Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды. Емдеу курсы нақты клиникалық жағдайға байланысты болады. Препаратты маманның кеңесінсіз ұзақ уақыт қабылдау ұсынылмайды. Мастодинон® препаратының ұсынылатын дозасы күніне 2 рет 1 таблеткадан.

Белсенді зат (1 таблеткада) Мөлшері
Кәдімгі изен (Vitex agnus castus Ø) 162 мг
Марал оты тектес сабақты жапырақ (Caulophyllum thalictroides D4) 81 мг
Еуропалық қоғажай (Cyclamen purpurascens D4) 81 мг
Чилибуха игнация (Strychnos ignatii D6) 81 мг
Алуан түрлі құртқашаш (Iris versicolor D2) 162 мг
Тарғыл лалагүл (Lilium tigrinum D3) 81 мг

Қосымша заттары: картоп крахмалы, лактозы моногидраты, магний стеараты.

Жоқ. Қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, Мастодинон® таблеткаларын жүктілік және бала емізу кезеңінде қабылдауға болмайды. Егер препарат жүктілікті жоспарлау кезеңінде қабылданып жүрсе немесе емдеу кезінде жүктілік анықталса, дәрігерге қаралу қажет.

Мастодинон® препаратының стандартты қаптамасында 60 таблетка бар (әрқайсысында 20 таблеткадан болатын 3 блистер).

Препараттың әсер ету механизмі гормондық тепе-теңдіктің біртіндеп қалыпқа келуімен байланысты. Қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, бұл үдеріс 3 айға дейін созылуы мүмкін. Егер белгілер күшейсе немесе азаймаса, дәрігерге қаралу қажет.

Мастодинон® таблеткалары етеккір алдындағы синдром (ЕАС) және мастодиния кезінде қолданылады. Олар сүт бездеріндегі ауырсынуды, керілу сезімін және жоғары сезімталдықты азайтуға көмектеседі.

Мастодинон® препаратын қайдан сатып алуға болады?

Сілтеме бойынша өтіп, өзіңізге қолайлы дәріхананы таңдаңыз