«Гормондық бұзылыс» термині – медицинада гормондық теңгерімсіздік деп аталатын күрделі жағдайдың қарапайым атауы. Бұл эндокриндік реттелудің табиғи процестерінің бұзылуымен сипатталады.
Әйелдің гормондық жүйесі – көп деңгейлі құрылым. Оған орталық механизмдер (гипоталамус және гипофиз) және шеткі мүшелер: аналық бездер, қалқанша без, бүйрек үсті бездері қатысады. Барлық мүшелер кері байланыс принципі бойынша жұмыс істейді. Мысалы, пролактин немесе эстроген деңгейі өзгерсе, басқа гормондардың бөлінуі де соған сәйкес реттеледі. Егер бұл байланыс бұзылса, гормондық теңгерімсіздік пайда болады және оны қалпына келтіру үшін кешенді тәсіл қажет.
Гормондық бұзылыс дегеніміз не
Эндокринология тұрғысынан әйелдердегі гормондық бұзылыс – гормондардың синтезінің немесе олардың биологиялық әсерінің өзгеруі. Ол бірнеше деңгейде пайда болуы мүмкін:
- Орталық: гипоталамо-гипофиз жүйесінің бұзылысы, нәтижесінде басқа бездерге қате «бұйрық» беріледі.
- Перифериялық: белгілі бір ағза қызметінің бұзылуы (мысалы, қалқанша без гормондарының шамадан тыс бөлінуі немесе аналық бездердің прогестеронды жеткіліксіз өндіруі).
- Рецепторлық: қандағы гормондар қалыпты болса да, тіндер оларға дұрыс жауап бермейді немесе сезімталдығы төмендейді.
Әр жағдайда әйелдерге арналған себепке әсер ететін дұрыс ем таңдау маңызды. Гормондық теңгерімсіздік – бұл тұрақты емес, уақыт өте өзгеретін процесс және ол репродуктивті жүйеге де, жалпы зат алмасуға да әсер етуі мүмкін.
Әйелдердегі гормондық бұзылыстың себептері
Көп жағдайда гормондық бұзылыстың бір ғана себебі болмайды, ол эндокриндік жүйеге әсер ететін бірнеше фактордың әсерінен дамиды. Негізгі теңгерімсіздіктің триггерларын бірнеше топқа бөлуге болады.
Сыртқы факторлар және өмір салты
Бұған құрамына созылмалы шаршау, ұйқының жетіспеуі, психоэмоционалдық жүктеме нәтижесінде болған гормоналдық күйзеліс кіреді. Сонымен қатар салмақтың күрт өзгеруі де тепе-теңдікке әсер етеді.Функционалдық және органикалық бұзылыстар
Қалқанша без немесе бүйрек үсті бездерінің жұмысының бұзылысы, аналық без тіндерінің өзгерісі (мысалы, АПКС) жыныс гормондарының деңгейін өзгертеді.Метаболикалық өзгерістер
Зат алмасудың бұзылуы, соның ішінде инсулинге төзімділік эстрогендер синтезі мен метаболизміне әсер етеді.Табиғи жас кезеңдері
Әйелдердегі гормондық өзгерістердің жасқа байланысты физиологиялық болып саналатын кездері болады. Бұл жыныстық жетілу кезеңі, босанғаннан кейінгі кезең және перименопауза.
Себепті дұрыс анықтау белгілерді ғана емес, мәселенің түпкі себебін емдеуге мүмкіндік береді.
Гормондық бұзылыс несімен қауіпті
Ұзақ уақыт сақталған гормондық теңгерімсіздік бұл тек жалпы жағдайдың өзгерісі ғана емес, түрлі асқынуларға әкелуі мүмкін қауіп факторы.
Репродуктивті функцияның бұзылуы
Бұзылыс көбіне овуляцияның болмауы, бедеулік, жүктілікті көтере алмау секілді өзгерістер тудырады.Онкологиялық қауіп
Гормондық бұзылыстар кейбір қатерлі немесе қатерсіз ісіктердің дамуына ықпал етуі мүмкін.Метаболикалық бұзылыстар
Тиероидты және жыныс гормондарының теңгерімсіздігі көмірсу және май алмасуына теріс әсер етеді, нәтижесінде салмақ қосу, инсулинге төзімділік, 2‑типті қант диабеті даму қаупі артады.Жүрек-қантамыр ауруларының қаупі
Эстроген қан тамырларының серпімділігіне және сау холестерин деңгейіне әсер етеді. Азаюы қан тамыр жүйесінің ауруларының қаупін арттырады.Сүйек тығыздығының төмендеуі
Ұзақ уақыт эстроген аз болса, минералдану бұзылып, уақыт өте келе остеопороз дамуы мүмкін.
Осылайша гормондық бұзылыс дәл қазіргі жағдайдан бөлек, келешектегі өзіңізді қалай сезінуіңізге де әсер етеді.
Әйелдердегі гормондық бұзылыстың белгілері
Гормондық бұзылыстың белгілері қай деңгейдің зақымдалуына байланысты әртүрлі болады.
Репродуктивті және физикалық белгілер
- Етеккір циклінің бұзылуы - етеккірдің тұрақсыздығы, ұзақтығы мен көлемінің өзгеруі, сүт бездеріндегі жайсыздық.
- Тері мен шаштың өзгеруі - акне, беттің майлылығы немесе құрғақтығы, шаштың түсуі немесе артық түктену.
- Гормондық бұзылыс және дененің иісі - гормондардың тері бездері мен тері микробиотаға әсері табиғи иістің қарқындылығын өзгертеді.
- Дене салмағының күрт өзгеруі - жүктеме мен тамақтану режимінің өзгеруінсіз.
Психоэмоционалдық белгілер
Ашушаңдық, көңіл-күйдің жиі өзгеруі, мазасыздық, ұйқының бұзылуы. Көбінесе бұл белгілер созылмалы күйзеліс кезінде күшейеді.

Жас ерекшеліктері
Пубертат кезеңіндегі гормондық бұзылыс – көбінесе белгілері физиологиялық сипатта болады, бірақ айқын ауытқулар болса, міндетті түрде дәрігер бақылауы қажет.
Перименопауза – бұл кезеңде гормондық белсенділік төмендейді, сондықтан белгілер әр әйелде әртүрлі болуы мүмкін.
Белгілерді дұрыс түсіндіру үшін кәсіби клиникалық бағалау және зертханалық диагностика қажет.
Гормондық бұзылыс кезінде кімге жүгіну керек
Әйелдерде гормондық өзгерістерге күдік болған жағдайда диагностика профильді маманның кеңесінен басталады. Қай дәрігерге жүгіну негізгі шағымдарға байланысты.
Гинеколог
Кез келген етеккір циклінің өзгеруі, сүт бездеріндегі жайсыздық немесе жүктілікті жоспарлау кезінде.Эндокринолог
Салмақтың күрт өзгеруі, тері проблемалары немесе қалқанша без ауруына күдік болған жағдайда.Гинеколог-эндокринолог
Жыныс гормондарының ағзаның басқа жүйелерімен өзара байланысын кешенді бағалау үшін.
Клиникалық жағдайға байланысты қосымша маммолог немесе дерматолог кеңесі де қажет болуы мүмкін.
Гормондық бұзылысты қалай емдейді?
Емдеу тактикасы гормондық теңгерімсіздіктің себебіне, әйелдің жасына және белгілердің айқындылығына байланысты. Сондықтан тәсіл әрдайым жеке таңдалады.
- Диагностика және өмір салты
Емдеу алдымен тексеруден басталады. Ол зертханалық анализдер мен аспаптық диагностикадан тұруы мүмкін.
Функционалдық бұзылыстар кезінде дәрі-дәрмексіз шаралар маңызды рөл атқарады: ұйқы режимін қалыпқа келтіру, дене салмағын тұрақтандыру, тұрақты физикалық белсенділік, күйзелісті азайту
- Түзету әдістері
Егер тұрақты гормондық өзгерістер анықталса, келесі әдістер қолданылуы мүмкін:
- нысаналы терапия – Қалқанша без ауруларын, метаболикалық бұзылыстарды және басқа да патологияларды емдеу.
- гормондық препараттар – ағзадағы гормондардың айқын жетіспеушілігі немесе артық мөлшері кезінде тағайындалады және міндетті түрде дәрігер бақылауын қажет етеді.
- фитопрепараттар – етеккір циклі бұзылғанда, предменструалдық синдром кезінде немесе жасқа байланысты гормондық өзгерістер кезеңінде қолданылуы мүмкін.
Емдеудің негізгі мақсаты – гормондардың физиологиялық реттелуін қалпына келтіру және ұзақ мерзімді асқынулардың алдын алу.

Қорытынды
Гормондық тепе-теңдік – жасқа, өмір салтына және ағзадағы ішкі өзгерістерге өте сезімтал динамикалық жүйе. Сондықтан ағзаның беретін белгілерін елемеу немесе өз бетінше диагноз қою дұрыс емес. Уақытында маманға жүгіну әйелдің репродуктивті және жалпы денсаулығын сақтауға, сондай-ақ мүмкін болатын асқынулардың алдын алуға көмектеседі.
Қолданылған әдебиет тізімі:

