Сүт безін өз бетімен тексеру — дәрігерге жоспарлы барулар арасындағы сүт бездерінің жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін алдын алу шарасының негізгі бөлігі. Бұл әдіс арнайы жабдықты қажет етпейді, бірақ дер кезінде маманның бағалауын қажет ететін өзгерістерді байқауға көмектеседі.

Сүт безін өз бетімен тексеру — неліктен бұл маңыздық

Өз бетімен тексеру аспаптық әдістерді алмастырмайды, бірақ бірақ ол сүт бездерінің денсаулығын бақылау жүйесінің бөлігі болып қала береді. Бұл тәсіл әсіресе фибро-кистозды өзгерістері немесе гормондық деңгейі жоғары әйелдер үшін — яғни сүт бездерінде түйіндердің пайда болу қаупі орташа деңгейден жоғары әйелдер үшін өте маңызды.

Неліктен сүт бездерін жүйелі түрде тексеру керек

Зерттеудің мақсаты — өз сүот бездеріңіздің қалыпты жағдайын білу және ауытқуды ерте анықтау. Тұрақты тексеру арқылы әйел етеккір циклімен байланысты физиологиялық тығыздалулар мен тексеруді қажет ететін патологиялық өзгерістерді ажыратуды үйренеді.

Қай уақытта өз бетімен тексеруді жүргізген дұрыс

Өз бетімен тексеруді кез келген күнде емес, бірақ жүйелі түрде жүргізу керек. Репродуктивті жастағы әйелдер үшін ең қолайлы кезең — етеккір циклының 5–12-күндері. Өйткені бұл кезде сүт безінің тіні жұмсақ әрі аз сезімтал болады, сондықтан пальпация құрылымды нақтырақ бағалауға мүмкіндік береді.

Менопауза кезеңінде өз бетімен тексеруді айына бір рет, тексеру салыстырмалы болу үшін бір тұрақты күні орындау ұсынылады. Мұндағы бастысы мақсат — тексеру жиілігі емес, оның тұрақтылығы: әйел өз сүт безінің әдеттегі күйін білсе, тіпті аздаған өзгерісті де дер кезінде байқайды.

Самообследование груди

Өз бетімен тексеруді қалай дұрыс жүргізу керек

Сүт бездерін үй жағдайында қалай тексеру керек? Өз бетімен тексеру екі кезеңнен тұрады: визуалды тексеру және пальпация. Бұл қадамдар тығыздалуды ғана емес, симметриялығын, пішінін, терінің және емізіктердің жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.

Badge

Визуалды тексеру

Визуалды тексеру

Белге дейін шешініңіз, айна алдына тұрыңыз, кеудеңізді мұқият тексеріңіз. Сіз ескеретін жағдайлар:
- сүт безінің біреуінің пішіні немесе өлшемі өзгерсе, ісіну, тартылу немесе ісіну пайда болды;
- терінің қызаруы пайда болса, «лимон қабығы» сияқты өзгерістер болса;
- бір немесе екі сүт безінің ұшынан сұйықтық бөлінсе;
- емізік немесе ареола пішінін, түсін өзгертсе, қабынған, тартылған болса
Визуалды тексеру щупать

Сүт безін пальпациялау

1-кезең

Сүт безінің екеуінде ұстап қараңыз, тіндердің кез келген қатаюын немесе өзгерістерін сезінуге тырысыңыз. Сыртқы жоғарғы ширектен сағат тілімен жылжыңыз.

Сүт безін пальпациялау: тұрып, кейін еңкейіп орындалады.

Визуалды тексеру лимфаузлы

Сүт безін пальпациялау

2-кезең

Қолыңызды беліңізге қойыңыз, қарама-қарсы қолыңызбен қолтық астындағы лимфа түйіндерін ақырын ұстап қараңыз. Олар көзбен көрінбеуі немесе ұстағанда сезілмеу керек.

Сүт безін пальпациялау: тұрып, кейін еңкейіп орындалады.

Визуалды тексеру сосок

Сүт безін пальпациялау

3-кезең

Емшек ұшын бас және сұқ саусақпен ұстап, жеңіл қысым жасаңыз. Ешқандай ауырсынуды сезбеуіңіз керек, сүт безінің ұшынан сұйықтық шықпауы керек.

Сүт безін пальпациялау: тұрып, кейін еңкейіп орындалады.

Визуалды тексеру лежа

Сүт безін пальпациялау

4-кезең

Шалқая жатып қарама қарсы қолыңызбен мұқият бір сүт безін тексеріп шығыңыз. Асықпаңыз – сүт безінің тіндері жұмсақ және біркелкі екеніне көз жеткізу керек.

Сүт безін пальпациялау: тұрып, кейін еңкейіп орындалады.

Қалыпты жағдайда сүт бездері қалай сезілуі керек

Әр әйелдің сүт безінің құрылымы әртүрлі және ол жасына, гормондық жағдайына, цикл фазасына және дене бітіміне байланысты өзгереді. Сондықтан өз бетімен тексерудің басты мақсаты — өз сүт безіңіздің қалыпты күйін білу. Сонда ғана қандай да бір ауытқуды нақты байқауға болады.

Сүт безі тіндерінің қалыпты жағдайы қандай

Қалыпты жағдайда сүт безі жұмсақ, серпімді, тығыздалусыз және тартылусыз болады. Етеккір алдындағы кезеңде жеңіл ауырсыну немесе аздап ісіну болуы мүмкін — бұл гормондық өзгерістерге табиғи реакция.

Пальпация кезінде, әсіресе сүт безінің жоғарғы-сыртқы бөлігінде, ұсақ түйіршікті құрылым сезілуі мүмкін, себебі бұл жерде без тіні көп. Егер ол екі сүт безінде бірдей байқалса, ауырсыну не емізікте бөлінді болмаса — қалыпты жағдай болып саналады.

Қандай өзгерістерге назар аудару керек

Етеккірден кейін де сақталатын жаңа түзіліс, тері мен емізіктің тартылуы, сүт безінің жиектеріндегі өзгеріс — дәрігерге жүгінуге себеп болады. Cонымен қатар емізіктен бөлінетін бөлініс, қызару, терінің ісінуі, тері астындағы тығыздалу немесе ойысқан аймақтар да алаңдатуы керек.

Жақында пайда болған пішіннің өзгеруі, тығыздалу немесе симметрияның өзгерістері УДЗ немесе маммография арқылы нақты тексеруді қажет етеді.

Өз бетімен тексеру мұндай белгілерді ерте байқауға көмектеседі, бірақ нақты қорытындыны тек дәрігер аспаптық диагностикадан кейін қояды.

Айна алдында тұрып қараған кезде не нәрсеге назар аудару керек

Визуалды тексеру пальпация кезінде сезілмейтін, бірақ сырттай байқалатын өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді. Өз бетімен тексерудің бұл кезеңі тұрақты түрде жүргізілген кезде ғана ақпаратты болып келеді: сол кезде кез келген жаңа белгі бірден көзге түседі.

Қарау кезінде келесі параметрлерге назар аудару керек:

  • екі сүт безінің де симметриялығы және емізіктердің орналасуы;
  • сүт бездерінің жиектері — жергілікті тартылу, ісіну, төменгі шеткі сызығының өзгеруі;
  • терінің түсі мен құрылымы — қызару, қабыршақтану аймақтары, «апельсин қабығы»;
  • емізіктердің күйі — тартылу, жаралану, басқан кезде немесе жәй тұрған күйдегі бөлінділер бөлінуі.

Кез келген өзгеріс бір–екі аптадан ұзақ сақталса, әсіресе бір жақты болса, міндетті түрде маманның тексеруі қажет.

Өз бетімен тексеру 3

Сүт бездерін жатқан және тұрған күйде тексеру

Сүт безін тексеру кезінде екі қалыпта тексеру ұсынылады. Тұрған кезде пішіні мен тіндердің қозғалысын бағалайды, жатқан кезде пальпациялау барысында тереңірек аймақтарды тексеру, себебі ол жерлерде кішігірім түйіндер жасырынып жатуы мүмкін.

Бұл екі тәсілді біріктіре қолдану сүт безінің құрылымын және айналасындағы тіндердің жағдайын неғұрлым дәл бағалауға мүмкіндік береді.

Лимфа түйіндерін қалай дұрыс тексеру керек

Лимфа түйіндері сүт безінің жағдайын көрсетеді және көбінесе қабыну немесе басқа үдерістерге жергілікті белгілер пайда болғанға дейін-ақ жауап береді.

Тексеру кезінде қолтық асты және бұғана үсті аймақтарын жұмсақ айналмалы қимылдармен сипап көреді. Қалыпты жағдайда лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырсынусыз және тері астында оңай қозғалады. Егер тығыз, қозғалмайтын немесе ауырсынатын түйіндер сезілсе, маммологтың кеңесі қажет.

Дәрігерге қашан бару керек

Сүт безін өз бетімен тексеру өзгерістерді уақытында байқауға көмектеседі, бірақ соңғы қорытындыны әрдайым дәрігер береді. Дәрігерге бару қажет, егер тексеру немесе пальпация кезінде анықталса:

  • етеккірден кейін де сақталатын тығыздалу;
  • терінің немесе емізіктің тартылуы;
  • сүт безі пішінінің өзгеруі немесе асимметрияның пайда болуы;
  • емізіктен бөлінетін бөлінділер, әсіресе қан аралас;
  • жергілікті қызару, ісіну, терінің бұдырлығы;
  • қолтық астындағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы немесе ауырсынуы.

Белгі жеңіл-желпі болып көрінсе де, дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз. Маммологтың тексеруінен кемінде жылына бір рет, ал қауіп факторлары бар болса — әр алты ай сайын өткен дұрыс.

Өз бетімен тексеруді өзін-өзі күту жүйесіне қалай енгізу керек

Сүт безін өз бетімен тексеру — денсаулыққа саналы көзқарастың бір бөлігі, бұл бір реттік шара емес. Тексеруді әдетке айналдыру үшін:

  • айдың нақты бір күнін таңдап, күнтізбеге белгілеңіз;
  • сүт бездерін тексеруді тыныш жағдайда, асықпай жүргізіңіз;
  • кез келген өзгерістерді белгілеп отырыңыз — қажет болса суретке түсіріп немесе жазып қойыңыз.

Мұндай жүйелілік ауру белгілерін ерте сатысында анықтауға және өз жағдайыңызға сенімді болуға көмектеседі.