Етеккір алдында сүт безіндегі ауырсыну – овуляциядан кейін және етеккір басталғанға дейін жиі кездесетін белгі. Эпидемиологиялық мәліметтерге сәйкес, бұл жағдай репродуктивті жастағы әр екінші әйелде кездеседі, ал әр бесінші әйел қатты ауырсынудың күнделікті өміріне айтарлықтай кедергі келтіретінін айтады.

Алайда ауырсыну деңгейіне қарамастан, оны елемей қалуға болмайды. Әрбір әйел қажет болған жағдайда медициналық көмекке жүгінуі тиіс, себебі бұл белгі әрдайым дәрігермен талқылануы керек, өйткені ауырсынудың артында басқа да маңызды себептер жатуы мүмкін.

Сүт бездері етеккір алдында неліктен ауырады?

Сүт безіндегі ауырсыну (мастодиния) көбінесе етеккір циклінің лютеиндік фазасымен – овуляция мен етеккір арасындағы кезеңмен байланысты.

Негізгі себебі – осы уақытта ағзада болатын гормоналды өзгерістер:
Циклдің екінші жартысында эстроген мен прогестерон деңгейінің жоғарылауы келесідей әсер етеді:

  • сүт безіне қарай қан ағымы күшейеді,
  • тіндерде сұйықтық жиналады,
  • сүт бездері мен олардың дәнекер тіндері ісініп үлкейеді.

Бұл өзгерістер ісіну, ауырсыну және сүт бездерінде кернеу сезімін тудырады. Сонымен қатар, бұл кезеңге сәйкес, сұйықтықтың іркілуі сүт безін ауыр және сезімтал етеді.

Ауырсынудың менструалдық циклмен байланысты екенін (яғни, цикліне тәуелді мастодиния екенін) анықтау үшін мына белгілерге назар аудару қажет:

  1. ✅ Тұрақты түрде пайда болады - етеккір басталғанға дейін бірнеше күн немесе екі апта бұрын.
  2. ✅ Ауырсыну екі сүт безінде де бірдей сезіледі.
  3. ✅ Сүт безінің жоғарғы-сыртқы бөлігінде шоғырланады.
  4. ✅ Ісінумен және жанасу кезінде сезімталдықтың артуымен қатар жүреді
  5. ✅ Етеккір басталған соң өздігінен басылады.

Сүт безіндегі ауырсыну қай кезде алаңдатарлық белгі болуы мүмкін?

Барлық ауырсыну менструалдық циклмен байланысты бола бермейтінін ескеру маңызды. Егер күмәніңіз болса, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.

⚠ Дәрігердің тексеруін қажет ететін белгілер:

  1. 🔺 Ауырсыну тек бір сүт безінде сезілсе.
  2. 🔺 Етеккірмен байланысы жоқ, тұрақсыз ауырсыну байқалса.
  3. 🔺 Қолмен ұстағанда тығыздалулар немесе тері құрылымындағы өзгерістер анықталса.
  4. 🔺 Емшек ұшынан бөлінділер болса.
  5. 🔺 Сүт безінің терісінің түсі мен құрылымында көрінетін өзгерістер.

❗ Осы барлық белгілер диагноз қойып, оның себебін табу үшін дереу дәрігерге қаралуды қажет етеді.

Егер ауырсыну етеккір циклімен байланысты болып, бірақ күнделікті өміріңізге кедергі келтірсе, маманмен кеңескен жөн.

❌Аңыз: «Етеккір алдында сүт безінің ауыруы — қалыпты жағдай, оған көнуге тура келеді».

✔ Шындық: Бұл белгіні жеңілдететін және өмір сапасын жақсартатын көптеген әдістер мен препараттар бар.

Етеккір 2

Циклге тәуелді мастодиниямен қалай күресуге болады?

1 қадам: Өмір салты мен тамақтану

✅ Теңгерімді тамақтану:

  • Тұзды, кофеинді, алкогольді, майлы және өңделген тағамдарды шектеу.
  • Е дәрумені, В6 дәрумені, магний және омега-3 май қышқылдарына бай
    тағамдарды көбірек тұтыну.

✅ Тұрақты дене белсенділігі:

  • Қан айналымды жақсартады.
  • Сұйықтықтың іркілуін азайтады.

✅ Стрессті басқару:

  • Босаңсу техникасын қолдану (йога, медитация).
  • Стресстік жағдайлардан аулақ болу.

2 қадам: Дәрілік ем

✅ Қатты ауырсыну кезінде ауырсынуды басатын дәрілерді қолдануға болады, аса қатты қажеттілік туындағанда, бірақ оларды жиі қолдану ұсынылмайды.

ФитотерапияФитониринг тұжырымдамасы бойынша табиғи өсімдк тектес препараттар. Бұндай препараттар сүт безіндегі ауырсыну мен ісінуді азайтуға, гормоналды тепе-теңдікті сақтауға, эмоционалды күйді жақсартуға, етеккір алды синдромның (ЕАС) көріністерін азайтуға көмектеседі.

Қорытынды

  • Етеккір алдындағы сүт безіндегі ауырсыну – жиі кездесетін, бірақ міндетті түрде болатын белгі емес.
  • Егер күмәнді белгілер байқалса (тығыздалулар, бөлінділер, бір жақ сүт безіндегі ауырсыну), дереу дәрігерге қаралу керек.
  • Өмір салтын өзгерту ауырсынуды жеңілдетіп, күнделікті өміріңіздегі жайлылықты арттыруға көмектеседі.

#СүтбезініңДенсаулығы #ЕтеккіркезіндегіӘл-ауқат #ДеніңізСауболсын #Мастодинон

Қолданылған әдебиет тізімі: